ҚОЛЖЕТІМДІ СПОРТ АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

05 қараша 2021, 18:43

Шымкентте спорт алаңшаларының саны артуда. Күні бүгін Әл-Фараби ауданының аумағындағы Майлықожа көшесіндегі көпқабатты № 17 үй ауласында жаңа спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне берілді.

 

Белгілі кәсіпкер Серік Түлбасовтың жеке қорының есебінен салынған алаңшаны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашты.

 

 

Мақсұт Исахов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары 

 

Ел болашағы – жастардың қолында. Сол жастарды бұхаралық спортқа баулып, салауатты өмір салтын сақтау жолында атқарып жатқан істер аз емес. Биыл бұл мақсатта 115 ашық аспан астындағы спорт алаңшасы салынады деп жоспарланса, оның 14 демеушілердің көмегімен бой көтеріп жатыр екен.

 

Ращид Мыңбаев – Әл – Фараби ауданының әкімі

 

Соңғы үлгіде жабдықталған спорт алаңын салуға, небәрі бір ай уақыт жұмсалыпты. Белгілі медценат Серік Түлбасовтың қорының көмегімен бой көтерген бұл 5-ші спорт алаңы екен. Мұнда, волейбол, баскетбол, кіші футбол және де гандбол ойнауға мүмкіндік бар. Бұйыртса, тағы екі спорт алаңын қор өкілдері жыл соңына дейін пайдалануға беретіндіктерін жеткізді. Ал, тұрғындар тарапы өз алғыстарын жаудырды.

 

Зулфия Рүстемова  - Шымкент қаласының тұрғыны

 

Жаңадан салынып жатқан спорт алаңшаларының жабдығымен қатар, жарығы да үйлесімін тапқан. Күннен қорек алатын мұндағы жарық жүйесі түнгі уақытта да ойыншыларын қабылдауға әзір. Сонымен қатар, спорт алаңына жапсарласа арнайы стрит воркаут элеметтері қойылыпты. Айта кетейік, спорт алаңшасынан бөлек демеушілер есебінен көпқабатты тұрғын үй ауласына орындықтар мен қоқыс жәшіктері де орнатылыпты.

 

 

 

shymkenttv.kz