«КҮМІС ДОМБЫРА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

06 қазан 2021, 20:03

Бүгін Шымкентте өзара сөз бен ой, өлең мен өре салыстырған аламан айтыс өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған суырып салма ақындар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылған «Күміс домбыра» атты республикалық жыр бәйгесінің көркін қыздырды. Биыл бірінші рет ұйымдастырылған атаулы шарада тек жастар ғана сайысқа түсті. Ерекшелігі де осы.

 

 

Айтыс-көнеден жеткен бекзат өнер. Шығармашылықтың биік шыңы.  Айтыс – сөз таластыру емес, суырыпсалма ақындардың ордалы ойы, сұңғыла сөзімен тыңдарманның көңіл түкпіріне ой салып, замана сазын толғап, халықты елдікке, ынтымаққа үндеу!

 

Шыңғыс Мұқан-Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

 

Сайыстың мақсаты − айтыс өнерінің дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көр­сету. Тәуелсіздік таңы атқалы қол  жеткізген табыс пен жүзеге асырылып жатқан жасампаз жобаларды дәріптеу. Халықтың қамын күйттеп, елдің ертеңін ойлайтын ұланның белін бекем буу. Қазір елімізде мүмкіндік көп. Болам деген баланың бетін қақпайды, дейді амат қазақ.Сондықтан бұл жыр додасының жастар үшін берері мол болмақ.

 

БЕКЖАН БАЗАРБЕК-айтыскер ақын

 

Әуелде айтысқа қатысуға 30 үміткер өтініш берген. Олардың тек 16-сы ғана іріктеліп алынды. 8 жұп болып бақ сынасты. Орамды ой мен сөзді сараптауға айтыстың ақтаңгерлері төрелік етті. Жеңімпазға «Күміс домбыра» тапсырылып,  қатысушылардың барлығы сияпатсыз қалмайды..

 

 

 

shymkenttv.kz