МАХМҰД САБЫРХАНҒА АУЫЛДАСТАРЫ АТ МІНГІЗДІ

15 қараша 2021, 20:12

Шымкент қаласы Маятас елді мекенінде Сербия астанасы Белград қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханмен кездесу өтті.

 

Жиынға Тоғыс, Маятас, Елтай және т.б. ауылдардың тұрғындары мен боксшының жанкүйерлері жиналып, әлемдік аренада қазақ елінің намысын қорғаған былғары қолғап шеберіне құрмет көрсетіп, ат мінгізді.

 

 

Әлемдік сында бақ сынап, қаламыздың абыройын асқақтатып жүрген Махмұдпен кездесуге ауыл аймақтағы ағайын түгел жиналды. Боксшынның құрметіне үлкен ас беріліп, бабалар рухына құран бағышталды.Ел ағалары мен ауыл ақсақалдары батырға дұға тілектерін арнап, ақ батасын берді. Оны дүйім оңтүстік жұрты мақтан тұтатынын айтып, алдағы уақытта олимпиада төрінде көк туымызды желбірететініне сенім білдірді.

 

Махмұд Сабырхан – Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 

Махмұд елге оралғалы оңтүстік жұрты құрметтеп күтіп жатқанынының арқасында күміс жүлдем өзіме алтындай болып кетті, -дейді. Боксшы бұнымен тоқтамай алдағы уақытта құрлықтық және әлемдік додаларға дайындық жұмыстарын бастайды.Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарында міндетті түрде күмісті алтын медальға айырбастап, көк туды әлемдік аренада желбірететінін жеткізді.

 

Махмұд Сабырхан – Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 

Еске салсақ, ел намысын қорғап, 20 жасында әлем чемпионатының финалында тайталасқанМахмұд Сабырхан жапондық Тамоя Цубойға есе жіберіп, 2 орынды иеленген болатын. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте Куба мемелекетінен кейін екінші орынға тұрақтады.

 

 

 

shymkenttv.kz