Шымкент телевидениесімен бірге

МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ...

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Президент Жолдауында аграрлық секторды экспорттық мүмкіндіктерге икемдеп, инновациялар енгізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет ауылды жерлерде мал шаруашылығын дамытуды кеңінен қолдауда.

 

Алдағы уақытта мал саны мен оның өнімін арттыру асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

 

Ал, Төлеби ауданында қазақтың еділбай қойлары мен асылтұқымды ірі қара өсіру ісі қарқын алған.

 

 

Мал баққанға бітеді... Шөбі шүйгін, климаты мал бағуға ыңғайлы аймақ жұрты ет-май өнімділігі жоғары тез жетілгіш түлік асырауды қолға алған. Сондай шаруашылықтың бірі – «Дәулет-Ырыс» қожалығы асылтұқымды төлді өздері бағып қана қоймай, өзгелерге де үлестіріп келеді.

 

Нұржан Қайымов – «Дәулет Ырыс» кооперативінің директоры

 

Асылдандыру ісіне ден қойған кооператив өкілдері ауыл-аймақ жұртына швед сиырларын жеткізіп берумен айналысып жүр. Мамандардың айтуынша, ірі қараның бұл түрі етті һәм сүтті келеді. Әрі климатқа төзімді. Тез жерсінеді. Ал, еділбай қойлар ет-сүттен бөлек құйрықты болып келеді.  Сонымен бірге  киім және тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін қылшық және түбіт аралас жүн, ішіктік, тондық тері шикізаттары өндіріледі.

 

Әлмұхан Сұраншиев – Төлеби аудандық малдәрігерлік қызметі мекемесі басшысының орынбасары

 

Ал, шаруалар құйрықты қойларды басқа қойларға қарағанда өздеріне жақын санайды. Оларды өсіру тиімді қоршаған орта әсеріне төзімді келеді деп есептейді. Себебі құйрықты қойлардың төлдері тұрған жылы жоғары қарқынды өсіп жетіліп, тауарлық мақсатқа жылдам асады. Сондықтан да төлебиліктер бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыруды жоспарлап отыр. Ол үшін мемлекеттен берілетін жеңілдіктер көптеп қарастырылса дейді....

 

 

 

 shymkenttv.kz




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 20:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30