«МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...

27 желтоқсан 2021, 23:14

«Мен өмірге құштармын»... Осындай айдармен Шымкенттегі Түркістан сарайында мүмкіндігі шектеулі жандардың қайырымдылық концерті болып өтті. Шараны ұйымдастырушы – «Халқыма тағзым» қоғамдық қоры.

 

 

 

«Тағдырдың ауыртпалығын көтере жүріп, өмірге деген құштарлықты оятуға болады. Мысалы, қолсыз да аспапта ойнауға болатынын ұмытпау керек. Шексіз мүмкіндікті пайдалана білу – сенің басты жетістігің», – дейді  «Халқыма тағзым» қоғамдық қорының жетекшісі.

 

Гүлбаршын Жайылмысқызы – «Халқыма тағзым» қоғамдық қорының жетекшісі

 

Ең бастысы – өзіңізге сеніңіз. Тағдырластарыммен кездесу, сөйлесу арқылы мүмкіндіктің шексіз  екенін түсіндіргім келеді, – дейді өнерді жанына серік еткен Венера Өмірзақова. Бұрымдының қолынан келмейтіні жоқ. Түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды да меңгеріп алған.

 

Венера Өмірзақова – әнші

 

Жыл сайын өтетін бұл шараның басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі жастардың шығармашылығына қолдау көрсету. Өмірге деген құштарлығын арттыру болып табылады. Өнерімен өзгелерге өнеге болғандар бұл жолы да өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй төгілді. Өнер құдіреті тумыстағы кемістікті бір сәтке болса да ұмыттырғандай.

 

 

 

shymkenttv.kz