Шымкент телевидениесімен бірге

ОҚУШЫЛАРҒА ЕКПЕ САЛУ БАСТАЛДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Мектеп оқушыларына Covid – 19 инфекциясына қарсы вакцина салу басталды. Ол үшін Шымкентке АҚШ-да өндірілген Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы жеткізіліпті.

 

Вирусқа қарсы екпенің бұл түрі сондай-ақ, жүкті әйелдер мен емізулі аналарға да егіледі екен.

 

 

Бүгіннен бастап қаланың білім ошақтарына арнайы тоңазытқышта жеткізілген вирусқа қарсы препарат оқушыларға егіле бастады. Pfizerді алғашқылардың бірі болып салдыруға ниеттенген №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы Мерей Алдаберген алдын-ала ата-анасынан рұқсат алғанын айтады.

 

Мерей Алдаберген - №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы 6122 00:13 – 00:30

 

Оқушы вирусқа қарсы вакцинаны тек ата-анасының келісімімен салдыра алады. Егер де жанұясында анасы немесе әкесі қарсы болса балаға екпе егілмейді. Мектепте салынып жатқан вакцинаға бүгін келісім берген шәкірттердің ата-анасы міндетті түрде қатыстырылды.

 

Рауан Алдаберген – М. Алдабергеннің ағасы 

 

АҚШ өндірілген Pfizer вакцинасы біздің елде 12 жастан бастап салынатын болып бікітілген. Сондай-ақ, вирусқа қарсы екпенің бұл түрі  жүкті әйелдер мен көкіректегі нәрестесі бар аналарғада тағайындалыпты. Егер де екпе салдыруға құлық танытпағандарға ешқандай қысым көрсетілмейді, дейді   №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының директоры Роза Жаңабаева.

 

Роза Жаңабаева - №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының директоры

 

Қаладағы білім ошақтарына арнайы шақырту арқылы жеткізіліп жатқан вакцинаның бұл түрін, оқушылар мен жүкті және емізулі аналар тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларынан да салдыруға мүмкіндік бар. Осы орайда, шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Позилов әлемдік деңгейде мойындалған Pfizer вакцинасы ешқандай кері әсерін тигізбейтінін тілге тиек етті.

 

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

Шымкентке  Pfizer вакцинасының бас-аяғы 46 800 дозасы жеткізіліпті. Бұл ретте 12 жастан асқан оқушылар мен аяғы ауыр аналарға, сондай-ақ, көкіректе сәбиі бар әйелдерге түгелімен жеткілікті көрінеді. Әрине, екпе егу жұмыстары тек келісім арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.  

 

 

 

shymkenttv.kz

 




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 20:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31