ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

25 қазан 2021, 14:21

Шымкенттегі қалалық онкологиялық орталықта «Ашық есік» күні өтті. Бұл шара сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ашық есік күнінде қалалық онкологиялық орталықтың маммолог мамандары тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп, кеңес берді.

 

Шараның негізгі мақсаты жұртты  сүт безінің ісігі туралы ақпараттандыру болып табылады. Ең бастысы дерттің алдын алу дейді мамандар.

 

Омырау ісігі Республикамыздағы онкологиялық аурулардың таралуының арасында бірінші орында тұр. 30 жастан асқан әйелдердің 92%  сүт безінің әртүрлі ауруларымен ауырады, олар асқынған жағдайларда сүт безі обырына ұласуы мүмкін.

 

Онкологиялық ауруларды бастапқы сатыда анықтау емді ертерек бастаға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жақсы нәтиже береді және сауығу мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ қабылдауға келген пациенттердің көрсеткіштері бойынша маммография, ультрадыбыстық зерттеуі тегін жасалады.

 

Ербол  Оңғарбаев  - Шымкент қалалық онкологиялық орталығының  маммология  бөлімшесінің  меңгерушісі.

 

 

 

 

shymkenttv.kz