ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯСЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

11 қараша 2021, 18:25

Ағымдағы жылдың 8 мен 12-қараша аралығында Шымкентте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары аясында жауапты мекемелердің жұмыс атқару деңгейін нығайту» тақырыбында «Zoom» форматында онлайн конференция өтті. Сондай-ақ 12-қазан мен 10-қараша аралығында қала аумағында «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде көлік жүргізушілермен жасалған жалпы 21564 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/fXbGAURKHqQ?list=PLr9dh7zPJ1DfuFJpXOGBPyelBWaumYYlL" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯСЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 

Шымкент қаласының Полиция департаментіне қарасты аудандық Полиция басқармаларының жергілікті полиция қызметі бөлімдерінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтары қызмет атқаруда. Аталмыш топ инспекторларының негізгі қызметі тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, оларды болдырмау, болған жағдайда сол құқық бұзушылықтың анық-қанығына жетіп, тиісті шараларды қолдану болып табылады.

 

«АВТОМОБИЛЬ»  ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ  ІС-ШАРАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 

Ағымдағы жылдың 12-қазан мен 10-қараша аралығында қала аумағында «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның мақсаты –қала аумағында жүргізушілердің оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін жақсарту мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту. Сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу мен құқықбұзушылықты, әсіресе мемлекеттік белгілері шетелдік көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілді. Іс-шараның нәтижесінде көлік жүргізушілермен жасалған жалпы 21564 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.Оның ішінде, мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілермен жасалған 1272 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 120 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.

 

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН КЕЗЕКТІ АЗАМАТТЫ ҰСТАДЫ

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматтың қылмысын әшкереледі. 2021 жылдың 10-қарашасында Әл-Фараби АПБ-на қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, танысы мемлекеттік «Бақытты Отбасы» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп сендіріп, құжаттарды рәсімдейтінін айтып 75 000 теңге көлеміндегі қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп хабарсыз кеткенін көрсеткен. Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

shymkenttv.kz