Шымкент телевидениесімен бірге

ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында Шымкенттік 500 кәсіпкерге қолдау көрсетілмек. Соның негізінде 100 жоба жүзеге аспақшы. Бұл қосымша жұмыс орына ашуға негіз болмақ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуы бойынша бекітілген «Жол картасының» орындалуы бойынша Бюро отырысында айтылды.

 

Шетелдік инвесторлар шымкентте 15 жобаны қаржыландырмақ.  Оның үшеуі биыл іске асырылады. Құны 57 Миллион АҚШ долларын құрайтын жоба бірнеше жаңа жұмыс орнының ашылуына негіз болмақ.. Бұдан өзге металлургия мен тоқыма өндірісі іске қосылады.Сондай-ақ, мақтаны қайта өңдеу көлемі екі есеге артып, 8 мың тонна ақ алтын терең  өңделеді. Бұл жол картасында айтылған негізі басымдықтардың бірі.

 

Мұрат Әйтенов- «Nur Otan»  партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі  00,21 Шымкент қаласын қуатты бизнеспен, ауылшаруашылығы мен өнеркәсібін ,,,

 

Жол картасының 70-ші тармағында айтылған басымдықтар бойынша қалада  арнайы  «Агроиндустриалды аймақ» құрылмақ. Онда жылыжай салынады. Мәртөбе тұрғын алабының аумағындағы аймақта отандық және шетелдік инвесторлар тартылмақ. Бұл келешекте қала  халқын жыл онекі ай көкніспен қамтамасыз етуге негізделген. Жобаның бірінші кезеңінде 6 жоба жүзеге асырылмақ.

 

Береке Дүйсебеков- Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы

 

Мен кәсіпкер боламын жобасы аясында 2021 жылы 20 жобаны қаржыландыру көзделген.

 

«Оңтүстік» арнайы  экономикалық аймақта 23 өндіріс іске қосылып, 1700 жұмыс орны құрылады. Еңбек жаппай кәсіпкерлерді дамтыудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 300 шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсат етілген. Бұл үшін бөлінген қаржы да қомақты.  Бюро отырсында партияның сайлауды бағдарламасына сай жасалған «Жол картасының» басқа да тармақтарының  орындалуы жан-жақты талқыланды.

 

 

 

shymkenttv.kz

 




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 19:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН
    11 Қазан, 23:09
    "Halal EXPO" 2021
    30 Қыркүйек, 20:08
    АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
    13 Қыркүйек, 17:51
    «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АРМАНЫ»...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31