Шымкент телевидениесімен бірге

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Литваның Вильнюс қаласында пауэрлифтингтен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл додадан бас жүлдене жеңіп алды.

 

Еліміздің намысын қорғаған шымкенттік Ксения Хан алтыншы мәрте қатарынан әлем чемпионы атанып,рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

 

 

Бүгін  Шымкент  әуежайынан  даңқты  спортшыларды  қарсы  алған жанкүйерлер мен жерлестеріміз  көп  болды. Білікті  басшы Мұрат  Бұзауов  басқаратын Шымкент  қаласының  кешенді жоғары  спорт  шеберлігі мектебінің  ұжымы  жеңімпаздарды аса керемет  көңіл-күймен  қарсы  алды. Өзінің  талантымен  бүкіл  әлемнің  назарын  аудартқан  спортшы Ксения Хан  бұл  жарыстың  жоғары  деңгейде  өткеніне  тоқталды.

 

КСЕНИЯ ХАН- ПАУЭРЛИФТИНГТЕН  ӘЛЕМНІҢ АЛТЫ  ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ

 

КСМ: Әлемнің  азулы  деген  балуандары  бас  қосқан дүбірлі  додаға ұлттық  құраманың  қыз-жігіттері  жоғары  дайындықпен  барыпты. Нәтижесінде, шәкірттеріміз   жүк  көтеруден  өткен  әлем  чемпионатында 6- алтын, 2 күміс, 3- қола  медалді жеңіп  алып  өздерінің  мықтылықтарын  көрсетті. Ұлттық  құрама командасының тәжірибелі  бапкері , Қазақстанның  еңбек  сіңірген  жаттықтырушысы Сергей Рашидовтың  айтуынша, әр  жүлде  алу  үшін кескілескен тартыстар  өткенін  де жеткізді.

 

СЕРГЕЙ  РАШИДОВ – ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН  ҰЛТТЫҚ  ҚҰРАМА  КОМАНДАСЫНЫҢ  БАПКЕРІ

 

 

 

Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшылары "Жатып сығымдап көтеру" жаттығуларында - 11 медаль жеңіп алды. Әйелдер  арасында бағы  жанған  шымкенттік   Николаева Алевтина, Абдураимова Азиза алтын  медалді  қанжығаларына  байлады. Сонымен  қатар, ерлер  арасында Руслан  Кәрімбеков  екі алтын  жеңіп  алса, Шаукатов Жавлан да  жеңістің  тұғырынан  көрінді. Ал, жерлесіміз Айдар  Қошқаров  жүлдегер  атанды. Бұл  ірі  жеңіс Шымкент  қаласының  спортын  бүкіл  әлемге  танытатын  болады.  Осы әлемнің  шыңын  бағындырып  келген ғаламат  жетістіктерді Белградта  бокстан  өтіп  жатқан әлем чемпионатындағы  қазақстандық боксшыларға  жұғысты  болсын  дейміз. Оларды  да  осындай  керемет көңіл- күймен  қарсы  алайық.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 21:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31