ПИРОТЕХНИКАДАН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП

24 желтоқсан 2021, 20:21

Жаңа жыл мерекесі қарсаңындапиротехникалық заттардың саудасы қыза түсетіні анық. Алайда олардың барлығының сапасы жақсы, қауіпсіз деп айтуға келмейді дейді,-мамандар.

 

Ал жарылғыш заттардан жапа шегетіндердің басым бөлігі бүлдіршіндер. Осыған орай Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті арнайы баспасөз брифингін өткізді.

 

 

 

Жаңа жыл қарсаңында қала аумағындағы пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібі бақылауға алынды.Жергілікті атқарушы органдардың, Полиция департаменті қызметкерлері ірі сауда орталықтарына, базарларға рейдтік іс-шаралар жүргізуде.Сонымен қатар, қала мектептерінде оқушыларға және ата-аналарға мерекені қауіпсіз өткізу мақсатында «ZOOM» «WhatsApp» қосымшасы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 

Аманбек Бейсембаев –Шымкент қаласының ТЖД бастығының орынбасары

 

Айта кетейік, пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы жоқ немесе сақтау тәртібінде заң бұзушылықтары орын алған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынады. Яғни, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 483 бабымен жауапкершілікке тартылады.

 

 

 

shymkenttv.kz