ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

24 желтоқсан 2021, 20:26

Жаңа жыл мерекесі келді дегенше, пиротехникалық тауарлардың саудасы қыза бастайтыны белгілі.

 

Өкінішке орай, базар мен дүкендерде сатылып жатқан от шашу мен жарылғыш ойыншықтардың басым бөлігі республика аумағына заңсыз әкелініп жатыр.

 

Осыған орай, қауіпсіздіктің алдын-алу үшін арнайы құрылған мобильді топ рейдтік іс-шаралар жүргізуді бастады. Оның нәтижесі қандай?

 

 

 

Рейдтік топтың түсіндірме жұмыстары Әл-Фараби ауданына қарасты бірқатар сауда нүктелерінде жүргізілді. Қаладағы халық көп баратын сауда нүктесінің бірі – Қазына базары. Түсірілім тобы мен мониторинг өкілдерінің келетінін саудагерлер сезді ме, әйтеуір күні кеше ғана самсап, сатылып тұрған пиротехникалық заттардың бірін де таппадық...

 

Мұнан кейін «Акбар» сауда орталығына қарай аяңдадық. Жол бойында сатылып тұрған жаңажылдық безендірулермен бірге жарылғыш заттарды байқадық.

 

Қызықтың көкесі ішке кіргенде болды. Төле би көшесіндегі сауда орнының екінші қабатында қорап-қорап отшашу заттары сатылып жатыр. Ашық түрде. Бірақ, бірде бір құжаты жоқ. Ал, сауда нүктесінің қожайыны болса, бұған дейін ешкім ескерту жасамады. Тәртіп сақшыларын бүгін көріп отырмын дегенді айтады.

 

Мамандардың айтуынша, рейтдік шаралар аясында түсіндірме жұмыстары 20-желтоқсаннан басталған. Полицейлердің өзі күн сайын сауда қатарларын аралап, ескерту жасап жүрміз дейді. Кімге сенерімізді білмедік???

 

Әлібек Жұмадулла – Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік инспектор көмекшісі

 

Шақырусыз келгенімізді ұнатпады білем. Саудагерлер, түсірілім тобына тап беріп, тілшілерге жармасты.

 

Мұқасан Берік – Әл-Фараби аудандық ТЖ басқармасының инженері

 

Қоғам қауіпсіздігіне жауапты құрылым қызметкерлері «Акбар» сауда орталығын да аралап шықты. Базар ішінен жарылғыш заттарды сатуға тыйым саламыз. Күн сайын саудагерлерге осыны ұғындырып жүрміз дейді сауда нүктесінің әкімгері.

 

Өсер Ахметов – «Акбар» сауда орталығының әкімгері

 

Тәртіп сақшылары жаңа жыл қарсаңында барлық сауда орындарына бақылау жасайтын болады. Ал, шектеуге шекеден қарап, ескеруді елемегендерге хаттама толтырылады. 10 АЕК көлімнде айыппұл арқалайды. Ал оған құлақ аспаса, сот алдында жауап бермек.

 

 

shymkenttv.kz