ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БОЛАШАҚҚА СЕНІМ БЕРДІ

30 қыркүйек 2021, 20:22

Мемлекет басшысы өз Жолдауында барлық саладағы болып жатқан құбылыстарға қанық екенін айтты. Өзекті мәселелерді шешу үшін әр сала бойынша нақты атқарылатын міндеттер жүктеді.Әсіресе, білім беру ұйымдарына артылған жүк ауыр.

 

 

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Стратегиялық маңыздылықты қамтамасыз етуге және белгілі бір уақыт аралығында нақты міндеттер мен мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы қазіргі уақытта ел үшін маңызды күрделі мәселелерді шешуді көздейді.

 

Гүлмира Лазар - "Хакім Абай" музейінің меңгерушісі

 

Тиімді мемлекет құру. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономиканы дамыту мәселелері. Әдеттегідей Президент әлеуметтік жаңғыру мәселесін ерекше назарға алып, білім беру сапасын жақсартуға баса мән беру керектігін қадап айтты.

 

Гүлмира Лазар - "Хакім Абай" музейінің меңгерушісі

 

Жоғарыда көтерілген мәселелердің барлығы да адам өміріне тікелей қатысты, Президент Қазақстан халқын жұмылып жұмыс жасауға, жақсы өзгерістерге ден қоюға шақырды. Жолдаудың әр сөзі ел болашағымен тікелей байланысты.

 

 

shymkenttv.kz