ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫ ТЕКСЕРДІ

04 қараша 2021, 20:59

Шымкентте 1-ші қыркүйек пен 1-ші желтоқсан аралығында «Учаске» атты Республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде.

 

Пробация қызметі инспекторларының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараның басты мақсаты бұрын істі болғандардың арасындағы қылмыстың алдын алу. Олардың қайта шалыс басуына жол бермеу болып табылады.

 

Рейдтік шара жайлы толығырақ тілші әңгімесінде.

 

 

Пробация қыметінің есебінде тұрған азаматтарға тексеру жұмыстары айына 3 рет өтеді. Рейдтік шараны Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен Пробация қызметінің инспекторлары бірлесіп жүргізуде. Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануының алдын алу болып табылады.

 

Айдар Есенгелдиев - Шымкент қаласы № 2 Абай аудандық ПҚ бөлімінің инспекторы // ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» атты профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шара барысында есепте тұрған азаматтырдың кешкі 22:00 ден кейін үйде болуы, және тіркелген мекен жайы бойынша орналасуы тексеріледі. Сонымен қатар олардың отбасы мүшелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұндай тексеру жұмыстары әр сотталушыға айына 2-3 рет жүргізіледі.

 

Бас бостандығынан айрылған  азаматтар кешкі 22:00 ден кейін тіркелген мекен-жайында болуы міндетті, -дейді пробация қызметкерлері. Қоғамнан оқшаусыз жазаға тартылған Р. есімді азаматтың тұрғылықты мекен жайына барып, бүгінгі жағдайы, талаптарды сақтауы тексерілді. Қандай да бір көмек қажет болса, полиция және пробация қызметінің инспекторлары қол ұшын беруге дайын екенін айтты. Ал, сотталушының анасы ұлының бүгінде тәубесіне келіп, жұмысын жасап, күн батысымен үйінде болатынын жеткізді.

 

Барно Тораева –қала тұрғыны

 

// Балам бүгінгі күні тәубесіне келіп, үйде отырады. Сіздерге рахмет тексеріп келіп, жағдайымызды сұрап жатқандарыңызға. Шалыс басып, істі болып қалды енді балам. Бірақ қазір ешқандай қателікке бой алдырмай, ұқыпты болып жүр. Жұмысын жасайды, нан-панымызды тауып кешке тек үйде асымызды ішіп отырамыз.

 

Тексеру жұмыстары барысында есепте тұрған барлық азамат тіркелген мекен-жайында екені анықталып, түсініктемелері жазылып алынды.Егерде істі болған азамат сот талаптарын және пробация қызметінің талаптарын қасақана өрескел бұзған жағдайда, сотталушыға қатыстыматериалдар сотқа жіберілетін болады, яғни бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту жайлы шешім шығады, -деді сала қызметкерлері.

 

 

 

shymkenttv.kz