САНАҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗЫП ТҰР

15 қазан 2021, 20:22

Қазір бүкіл еліміз үшін маңызды кезең яғни- Ұлттық халық санағы өтуде. Санақ халықтың барын бағамдап, қалай өмір сүріп жатқанымыз бен әрі қарай даму жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.

 

Бүгін санаққа онлайн тіркелу аяқталды. Енді барлық учаскелер офлайн дәстүрлі санақты жалғастырады.

 

 

Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабында дәстүрлі санаққа дайындық жұмыстары қызып тұр. Статистика департаментінің мамандары келіп әр учаскеде түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. Санақ барысында санитарлық талап қатаң сақталады. Сұқбатшылар керекті құралдармен қамтылған.

 

Мөлдір Қуандық – Шымкент қалалық Статистика департаменті Халық санағы бөлімінің уәкілі

 

Бізде қазіргі таңға дейін барлық адам саны 500 мыңнан асады.

 

Сайрам тұрғын алабында  халық тығыз орналасқан. Мұндағы халық санын түгендеуге әр 3 мың тұрғынға 7 сұқбатшы бекітілген. Олар үйді үйді аралап қажетті ақпаратты жинайтын болады. Арнайы берілген планшетке мәліметтер жинақтап ортақ базаға лезде өткізеді.

 

Хуршида Шамшиметова -  №43 учаскенің нұсқаушысы

 

ҚР азаматы ретінде атсалысып жатырмыз. Мектеп ұжымы басшылығы бірінші кезекте 100 пайыз мұғалімдерді тіркедік. Одан кейін ата аналар отбасылары түгелденді.

 

Санақтан өте отырып, сіз өзіңіздің өмір сүру деңгейіңіз бен жалпы қаланың дамуына орасан үлес қосасыз.   Мәселен, мемлекет отбасы құрамын қайта жазу арқылы қанша перзентхана, қанша аурухана салу керектігіне бағыт-бағдар алады. Болашақта қанша және қандай бағытта білім беретін балабақша, мектептер мен қандай колледж, институттар қажет болады. Сіздің тұрғын үйіңіздің шаршы метрлері мен қабырға материалдарының өзі мемлекет үшін маңызды.

 

 

shymkenttv.kz