СӘУЛЕТТІК ЖОСПАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 желтоқсан 2021, 23:28

Мегаполистегі көлік кептелісін азайту үшін Шымкенттегі Сәулет және қала құрлысы басқармасы жаңа жобалар ұсынды.

 

Архитекторлар келешекте сауда және демалыс аймақтарыгн шаһарға кіреберіс күре жолдарға салу керек деп есептейді. Бұл бір жағынан қала көркін ашса екіншіден көлік кептелісін азайтады,дейді мамандар. Жоба қаншалықты тиімді?

 

 

 

Шымкент қаласында ірі логистикалық орталықтар желісін құрудың орындылығы анықталды. Сондай тартымды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі Алматы, Тараз қалаларына қарай солтүстік-шығыс бағыты.  Бұл бағыттағы республикалық маңызға ие күре жол жобаны жүзеге асыруға тиімді дейді мамандар. Сауда, демалыс аймақтары Шымкентке кіреберіс аймақтың ажарын ашады мегаполстегі көлік кептелісін азайтады. Бір жоба екі мәселені шешпек.

 

Асқар Мамырбаев – Шымкент қалалық сәулетшілер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Негізгі мәселе қалада болып жатқан кептелістер мәселесін азайту мақсатында сауда орталықтары мен демалыс аймақсатын салу.

 

Осындай мақсатта Ташкент тас жолы бойындағы Шымкентке кіреберіс аумақтыңда сәулеттік жоспарлауын ұйымдастыру көзделген. Ол жердегі аумақтың ауданы 393 гектарды құрайды. Ақтас елдімекенінің оңтүстік жағына іргелес жатқан логистикалық орталық үшін үш бөліктен тұратын алаң белгіленген. Дегенмен мегаполиске кіреберіс күре жолдарда мұндай жобаларды жүзеге асырудың кері әсеріде бар.

 

Асқар Мамырбаев – Шымкент қалалық сәулетшілер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Менің бір күдігім үлкен жолдың бойында халықаралық автомагистраль болып табылады. Біз алматыдағы кептелісті қайталамаймызба. Деген ой.

 

Шымкентке Түркістаннан кіреберіс жолдада логистикалық орталық жоспарланған. 45 гектар жерді алып жатқан аумақтың экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жоба  оң ықпал етеді. Логистикалық орталықта жаңа жұмыс орындары ашылып қала экономикасына серпін береді. Бұл жобалар әліде талқыға түсетін болады.

 

 

 

shymkenttv.kz