СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

05 қараша 2021, 18:53

Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионында семсерлесуден ерлер және әйелдер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

 

Ел біріншілігне еліміздің 8 облысынан 200 -ден астам спортшылар қатысып, бақтарын сынауда.

 

 

Шаршы  алаңда  шпагада  өткен алғашқы  сайыс  күнінде шымкенттік Ермек Әлімжанов  бас  жүлдені  жеңіп  алды. Ал, Илхамжан  Анарқұлов  үшінші  орынға  ие  болды. Бұл  мегаполис  қаламыздың семсерлесу  спортының әлемдік аранеда өсіп  келе  жатқанын  көрсетеді,  дейді  бапкер Ералы Тіленшин.

 

Ералы Тіленшин – Семсерлесу  спортының  аға  бапкері

 

Аса  тартысты  өтіп  жатқан  бұл республикалық  жарыстың  командалық сайысында  да Шымкент  қаласының  семсерлесушілері  ақтық  бәсекеде  де  өнер  көрсетті. Мегаполс  шахар  құрамасының  бас  бапкері, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  жаттықтырушысы  Қарлығаш  Сайханова   елдегі  болған  эпид.  ахуалға  қарамастан  саңлақтарымыздың  жарысқа  тиянақты  дайындалғанын  айта  кетті.

 

Қарлығаш Сайханова –Қазақстанның  еңбек  сіңірген  жаттықтырушысы

 

Қаламызда  өтіп  жатқан  Ел  біріншілігінде  талантты  жастардың  көбейгенін  байқалады. Соның  бірі  -олимпиада  резервін даярлау  орталығының  шәкірті, болашағы  жарқын  Ғабиден Мұстафин спорт мамандарының  назарына ілікті.

 

Адема Серікбай – Жарысқа қатысушы

 

Жарыстың  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері 10  қараша  күні  белгілі  болады. Мұнан  соң сайысқа  жасөспірімдер жарысқа  шығады.    

 

 

 

shymkenttv.kz