Шымкент телевидениесімен бірге

"ШАҢЫРАҚ 5-10-20" БАҒЫТЫ БОЙЫНША БИЫЛ 1728 АЗАМАТ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласында «Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша азаматтарды қоныстандыру жұмыстары жалғасуда.

 

Бүгінде бұл бағытпен салынған «Тұран» шағынауданында орналасқан алғашқы 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Баспаналарда инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтер іске қосылды.

 

 

Баспана тауқыметін тартқан балалардың енді өз бөлмелері бар. Жылдар бойына жалдамалы пәтерде күнелтіп келген жаңа қоныс иелерінің қуанышында шек жоқ. Қала тұрғыны Жадыра Ержігітова баспана кезегіне осыдан 5 жыл бұрын тұрыпты. Толық емес отбасына таяуда «Шаңырақ» бағыты аясында 3 бөлмелі пәтер берілді. Заманауи талапқа сай салынған баспанада барлық жағдай жасалған.

 

Жадыра Ержігітова, Шымкент қаласының тұрғыны: 8437 «Енді өз баспанама жұмыс істейтін боламын. Қуаныштымыз...»

 

Айта кетейік, «Шаңырақ» бағытымен биыл «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 үйді яғни 1728 пәтерді 3 кезеңмен сатуды ұйымдастырды. Осы бағытпен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар  отбасының ортақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда қатыса алады. Жылдық мөлшері 5 пайыздан аспайтын, алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған дейді салаға жауаптылар.

 

Жұлдыз Ордабаева Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы:  8437 1/17-139

 

Бүгінде Шымкенттегі Тұран шағынауданында 80-нен астам көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Таяуда мұнда 5 нысанның құрылысы аяқталып, «Шаңырақ» бағытымен 1 жарым мыңнан астам пәтерге тұрғындар қоныстануда.

 

Шухратжан Мұқтаров   Шымкент қаласы құрылыс басқармасының өкілі: 8423 00/52-1/29

 

Бүгінде Шымкентте 46 мыңнан астам отбасы баспана кезегінде тұр. Талдау жұмыстарын жүргізген мамандар кезекте тұрған 1260 азаматты түрлі себептерге байланысты пәтер кезегінен алып тастаған. Жылдан жылға халық саны артып отырған үшінші мегаполисте  қолданысқа берілген кредиттік тұрғын үйлердің көлемі арттыруға басымды беріліп отыр.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.10.2021, 20:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31