ШТАБ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

21 қазан 2021, 21:27

12 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жүкті аналарға салынатын вакцина мәжбүрлі емес. Оларға ата анасының рұқсатымен ғана екпе егіледі.

 

Еліміздегі коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері осыны алға тартып отыр.

 

 

Штаб мүшелері  мегаполисте  бірқатар кездесулер өткізіп, вакцинаның маңыздылығын жан-жақты түсіндіруде. Бұл жолы Қаратау жастар орталығында болды. Жиынға келген колдж студенттері мен мұғалімдерге вакцинаның маңыздылығын түсіндірді. 

 

Ержан Байтанаев - ҚР Премьер – Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы, санитарлық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі

 

Бұл құрылған штаб білікті дәрігерлер, ғалымдар мен журналистер, қоғам қайраткерлері мен блогерлер және еріктілердің басын біріктірген бейресми бірлестікке айналып отыр. Кездесуге келген мұғалімдер вакцинациалаудың тәртіптерімен танысты.

 

Айнұр Жандарбаева - Авецина көпбалалы колледжінің  медия орталығының меңгерушісі

 

Білім саласының қызметкерлерімен кездескен  штаб өкілдері халықты вакцина алуға, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

 

Қазақстанда вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ 10 миллион адам бар. Бүгінде 7 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алған.

 

 Қалыпты өмірге оралуымыз үшін екпе алу көрсеткішін жоғарылатуымыз қажет. Бүгінде Шымкент вакцинациядан еліміз  бойынша бірінші орында.

 

 

shymkenttv.kz