Шымкент телевидениесімен бірге

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ «ЖАСТАР ЛИГАСЫНДА» ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒАН №87 МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент жастар лигасында» жеңімпаз болған № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектепті аралап, оқушылармен тілдесті. Бұл мектеп футболдан жеңімпаз атанып, 20 млн теңге қаржылай сыйлық алған болатын. Аталған қаржыға «Шымкент – қайырымды қала» қоры арқылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана жылжымалы интерактивті панельдер алған.

 

 

Әкім оқушылардың бұл игі ісін қолдап, мектепке танытқан жанашырлықтары үшін алғысын жеткізді.

 

Өз кезінде балалар келер жылыда спорттық жарысқа қатысатындарын айтып, білім мен спортта алда болатындарына сөз берді.18 қыркүйек - «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында Шымкентте жалпықалалық сенбілік болғандықтан қала басшысы ең алдымен білім ошағының тазалық жұмысына қатысты.

 

Ұстаздарға оқушылардың экологиялық білімін арттыруды, балаларға қоршаған ортаның ластануына жол бермеуді және табиғатты қастерлеуді айтты.

 

Қала әкіміне мектеп директоры А.Қаппарова білім мекемесіндегі ақпараттық орталықпен, STEM және робототехника кабинеттерімен және Абайтану бұрышымен таныстырды.

 

Сонымен бірге спорт секцияларын аралап,  шахмат бойынша өтіп жатқан ашық сабаққа қатысты.

 

Үш қабатты мектеп 1200 орындық балаға шақталған. Мұнда екі ауысымда 2662 оқушы білім алады.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 339    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 23:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН
    11 Қазан, 23:09
    "Halal EXPO" 2021
    30 Қыркүйек, 20:08
    АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
    13 Қыркүйек, 17:51
    «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АРМАНЫ»...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31