ШЫМКЕНТ ХАЛЫҚ САНАҒЫ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕ БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

04 қараша 2021, 20:51

Елімізде осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған Ұлттық халық санағы аяқталды. Дегенмен, дәл қазіргі таңда қорытынды тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

 

Алдын ала болжам бойынша Шымкенттегі жұмыстар жоғары бағаланып, 102 пайызды құрап отыр екен.

 

 

Шымкентте санақтан өтуге арналған 176 бұрыш бар. Солардың бірі №88 жалпы орта мектебінде орналасқан №20 санақ учаскесі. Бұл учаскеге қарасты 598 үй тіркеліпті. Бүгінде санақшылар онда пысықтау жұмыстарын жүргізуде.

 

Шамсиддин Беделов - №20 санақ учаскесінің бақылаушы-нұсқаушысы

 

Бүгінде халық санағын өткізу әдістемесіне сәйкес нақтылау шаралары жүргізілуде. Бұл жұмыстар бір жеті бойында жалғаспақ. Бақылап аралап шығу халықты толық есепке алуда және халық санағын жүргізу кезінде деректер сапасының анықтығын тексеруді қамтамасыз етеді, дейді мамандар.

 

Мейрамбек Құлжанов - Шымкент қаласының тұрғыны

 

Миллионды қала тұрғындары тарихи маңызды шараға қатысуда белсенді, дейді Шымкент қалалық статистика департаментінің баспасөз хатшысы Естай Жақаев. Алдын ала болжам бойынша бүгіндегі көрсеткіш 102 пайызды құрап отырғандығы айтылды.

 

Естай Жақаев - Шымкент қалалық статистика департаментінің баспасөз хатшысы 

 

Ұлттық халық санағы –демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректер жинауға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, санақ нәтижелері халықтың тұрмыс деңгейін анықтап, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін сондай-ақ, барлық деңгейдегі бюджеттердің объективті қалыптасуына негіз болмақ.

 

 

 

shymkenttv.kz