Шымкент телевидениесімен бірге

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

«Шымкентте жастар лигасы» жобасының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Қаладағы жоғарғы және арнауылы оқу орындарының студенттері арасында алғаш рет ұйымдастырылған шара жеңімпаздарын қала әкімінің бірінші орынбасары арнайы марапаттады. Спорттың төрт түрінен өткен сайыста қай оқу орындарының командалары жүлделі орындарды иеленді? Ол туралы тілші бейнематериалында анығырақ.

 

Биыл бірінші рет ұйымдастырылған бәсекеге жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 команда қатысты. Олардың 7 –еуі жоғары оқу орындарының құрама командасы болса, қалғаны қаладағы колледж студенттері. Олар бір ай бойы спорттың «Футбол», «Волейбол», «Баскетбол» «Шахмат» түрлерінен кім мықтыны анықтады. Айтып өтейік, аталған шараның негізгі мақсаты студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге ықпал етіп, спортпен шұғылдануға бейімдеу. Сонымен қатар ҚР-ның чемпионаттарына команда жасақтау болып табылады.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/YlaLS98LRM0" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

 

Бір айға созылған бәсекеде жеңімпаздар жоғары оқу орындарының және колледждер арасында анықталды. Мәселен, футбол сайысы бойынша университеттер арасында жүлделі бірінші орынды Орталық Азия Инновациялық университетінің құрамасы иеленсе, арнаулы оқу орындары ішінен Мардан Сапарбаев атындағы Парасат колджі иеленді. Ал, волейболдан Халықтар достығы университетінің командасы үздік деп танылса, Шымкент жоғарғы педагогикалық колледжінің шәкірттері өзге қарсыластарынан басым екенін дәлелдеді.

 

Ерлан Айтбаев – Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы

 

Айта кетейік, бұл жоба биыл мектептер арасында да ұйымдастырылған болатын. Оған 147 мектептің командасы қатысқан еді. Жастар арасында бұқаралық спортты дамытуды көздеген шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 20:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31