Шымкент қалай мегаполиске айналды – видео

09 желтоқсан 2021, 18:16

Ұлы Жібек Жолының бойында тұрған Шымкенттің 2 200 жылдық тарихы бар. Оны ЮНЕСКО да ресми түрде мойындаған

Ал өткен жылы Шым қала ТМД елдерінің астанасы атанып, бір жыл бойы сан алуан шаралар ұйымдастырылған.

"Тарихи қамал", орысшасы "цитадель" дейді. Соны толығымен күделі жөндеуден өткізіп, қазба жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде қаланың 2 200 жылдық тарихы бар деген қорытынды шығарылды. Ғалымдарымыз да бәрін дәлелдеп берді", - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Қазақстан Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Шымкент қаласы адам танымастай өзгерді. Мегаполистер қатарына қосылды. 1994 жылы қаланың бюджеті 1 миллиард теңге болған.

Бүгінде 490 миллиард теңгеге жеткен. Бұрын қала аумағы 40 мың гектар болса, қазір 116 мың гектарға дейін кеңейіп отыр. Халықтың саны бір миллионнан асты.

Шым қала туралы қызықты деректерді Қазақстан президентінің телерадиокешені түсірген "Шуақты Шымкент" фильмінен біле аласыздар.

sputnik.kz