ШЫМКЕНТ ҚЫСҚА САҚАДАЙ-САЙ

05 қараша 2021, 18:51

Шымкент қысқа сақадай сай. «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың қарсанында қалалық азаматтық қорғау жол қызметтері мен авариялық-құтқару қызметтері жол техникасының қыс мезгіліне дайындығы тексерілді.

 

Арнайы техниканың дайындығын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары , Мәулен Айманбетов пен ТЖ департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Кәрімбаев қарап шықты.

 

 

Іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдарының қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда  авариялық-құтқару жұмыстары азаматтық қорғау қызметінің жол-пайдалану техникасының және ТЖ департаменті дайындығын тексеру. Арнайы техникалардың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау,қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайларды алдын алуға мүмкіндік бермек.

 

Мәулен Айманбетов- Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 

Қаланың автомобиль жолдарында 32 бағытта қалалық коммуналдық-техникалық қызметінің 684 бірлік техника мен құрамында екі мыңға адам жұмыс істейтін болады. Жалпы ұзындығы 1040 шақырымды құрайтын қаланың 315 көшесінде қар тазалау жұмыстары жүргізіледі. 5000 тн аса тұз, 22000 м3 аса құм дайындалды, инертті материалдар қорын толықтыру жұмыстары да жалғасуда.

 

Жәнібек Кәрімбаев- Шымкент қалалық ТЖ департаменті бастығының орынбасары

 

Ауа райы бұзылған жағдайда Шымкент қаласының полиция департаменті 3 бағыттағы Шымкент-Алматы, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Қызылорда автомобиль қозғалысын шектеу бойынша жұмыс жүргізеді. Қажет болған жағдайда қыс мезгіліне 123 жиналу-эвакуациялық пункті дайындыққа келтірілді, олардың базасында тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша пункттер ұйымдастырылды.

 

 

 

shymkenttv.kz