«ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ -2021»

17 қараша 2021, 20:29

«Шымкент өнімдері -2021». Мегаполис шаһардағы Көрме орталығында отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін көрмеге қойып, көпшіліктің көзайымына айналды. Басты мақсат – өткізу нарығын кеңейтіп, халықты жергілікті кәсіпорындардан шығатын өнімдермен таныстыру. Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, кәсіпкерлер мен көрермендерді Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.

 

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

 

Тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне арналған көрмеде 100-ге жуық кәсіпорын өз өнімдерін ел назарына ұсынды. Бүгінгі экспозицияда тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдары бар. Әкім Әйтенов жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін тамашалап, олардың жұмысын жоғары бағалады.

 

Көрменің төріне жайғасқан жергілікті тауар өндірушілердің бірі -  «Казмебельтрейд» компаниясы. Өндіріс орны 2012 жылдан бері түрлі жиһаздарды шығарумен айналысып келеді. Қазір кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары. Қазақстанның түкпір-түкіпірне тауар таратып отырған компания өнімдерінің соңғы уақытта экспортттық әлеуеті артып келеді. Мұхаммедайдар Орынбек - «Казмебельтрейд» ЖШС менеджері

 

Ал, шымкенттік қыз-келіншектер «Айсауленің» өнімін жақсы біледі. Бет-әлпет күтіміне бей-жай қарамайтындар экологиялық таза косметикалық тауарларға қызығушылық білдіруде. Бұл компания әуелі мемлекет қолдауына иек арттты. 3 млн. қайтарымсыз грант жеңіп алып, оған керекті құрылғыларын түгендеп алды.

 

Сәуле Мұсаева -  «Айсауле» косметикалық компаниясының жетекшісі 

 

Көрмеде сондай-ақ, темір тордың арғы жағында бас бостандығынан айырылған азаматтардың қолымен жасалған дүниелер де көпшілік назарына ұсынылды.

 

Дина Бердібекқызы – ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы

 

Береке Дүйсебеков  - Шымкент қаласының кәсіпкерлік және идустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы

 

Көрме аясында экспортқа мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі Өңірлік экспорттық кеңес өтті. Онда кәсіпкерлерге кедергі келтіретін проблемалар мен шектеулердің түйіні тарқады.

 

 

 

shymkenttv.kz