Шымкент телевидениесімен бірге

ШЫМКЕНТКЕ ҮШ ЖАРЫМ МЫҢНАН АСТАМ БЕЙНЕ БАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент көшелеріне 3 жарым мыңнан астам бейнеқондырғы орнатылады. Автожолдарды сараптап шыққан полицейлер әкімдікке осындай ұсыныс беріп отыр.

 

Бұл туралы бүгін қалалық Полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.Құралдар жол ережесін бұзған автокөліктерді 120 метрден тіркейді.

 

Бұл шаралар апатын азайтуға қаншалықты сеп болмақ?

 

 

Шымкент жолдарында енді бұрыңғыдай жылдамдықты асырып көлікпен жүйтки алмайсыз. Қалада жол ережелерін бұзғандарды тіркейтін бейне бақылау қондырғылары көбейгелі отыр. Көшелерге орнатылатын 3 жарым мыңға жуық бейнеқондырғының бірсыпырасы қазірдің өзінде төбеден төніп тұр. Алайда, тесттік жүйеде жұмыс істеп тұрған құрылғылар  әзірге ережені ескермегендерді тіркемейді.

 

Ералы Жұмаханбетов Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы: Әзірге тіркемейді, қашан қосылатынын сіздерді шақырып айтамыз...

 

Айта кетейік, бүгінде қалада жол апаты жиі орын алатын 41 көше анықталды. Елді мекендерде көліктерге сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүру рұқсат етілген. Ал қаладағы  77 бала бақша мен 152 мектептің маңайынан 40 км/сағат жылдамдықпен жүру белгіленген. Бұл ережені бүгінде көлік жүргізушілері қызу талқылауда. Алайда, Шымкенттің бас полицейі апатты азайтудың бірден-бір жолы осы, дейді.

 

Ералы Жұмаханбетов Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы:

 

Қондырғылар іске қосылғанда жол ережелерін сақтамайтын  жаяу жүргіншілерге шара көру де жеңілдейді. Полицейлер қазір мұндай жағдайларды дәлелдеу қиынға соғуда дейді.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 20:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31