ШЫМКЕНТТЕ 800 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

17 қараша 2021, 20:22

Шымкентте 800 бейнебақылау қондырғысы жұмыс істей бастады. Бұл туралы бүгін қаланың бас полицейі мәлімдеді. Жол қозғалысын реттейтін бұл камералардың мүмкіндігі зор дейді тәртіп сақшылары. Қала көшелеріндегі кей қондырғылар жол белгілерінің орнатылмауына байланысты әлі де тесттік режимде жұмыс істеп тұр. Олар қашан айыппұл жаза бастайды? Жаңа қондырғылардың артықшылығы неде? Бұл туралы толығырақ әріптесім Мақпал Рысбаеваның сюжетінде.

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/NnSxf1LcTaU" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Шымкент көшелеріне қойылған 1677 бейнебақылау камерасының жартысына жуығы бүгіннен бастап заңбұзушылықтарды тіркей бастады. Бұл бейне бақылаумен жылдамдықты ғана емес, жүргізушілердің бағдаршам сигналына қарамай өту, жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау деректерін де автоматта түрде тіркейді.Жүйеге түскен құқық бұзушылықты полиция қызметкері өңдейді. Өңделгеннен кейін автоматты түрде телефоныңызға 1414-тен әкімшілік айыппұл тіркелгені туралы хабарлама түседі.

 

Ералы Жұмаханбетов -  Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы

 

Қала аумағында компьютер, принтермен жабдықталған 8 арнайы автокөлік әкімшілік айыппұлдары бар жүргізушілерге ұйғарымдарды таратып, ескертулер жасайды.  Жүйеде почта арқылы және ұялы телефонына жолданған хабарламаларды автокөлік иесі алғаны туралы белгі де көрініп тұрады. Айта кетейік,  биылғы жылы көлік тізгініндегілерге салынған 455 млн теңгеден астам қаражаттың жартысы өндірілген.

 

Ералы Жұмаханбетов -  Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы

 

Ал қаладағы 100 көше қиылысына орнатылған 877 бейне бақылау жол белгілері орнатылған соң іске қосылатын болады. Айта кетейік, камералар орнатылғалы қалада жол апаты азайып, қайғылы жағдайлар кеміген дейді тәртіп сақшылары.

 

 

 

shymkenttv.kz