ШЫМКЕНТТЕ «ӘСКЕРДЕГІ БІР КҮН» АТТЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

11 қараша 2021, 18:31

"Әскердегі бір күн". Осындай тақырыппен Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында №3 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.

 

Мақсат – балаларды әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстыру, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеп, патриоттық рухын ояту дейді ұйымдастырушылар. Балалар бұл күні әскери өмірді көзбен көріп, сала қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігіне қанықты. Сондай-ақ тәрбиеленушілер әскери киім үлгілерімен,  қару-жарақтармен және техникалардың түр-түрлерімен танысуға мүмкіндік алды. Ашы есік күні шарасында  бүлдіршіндерге арнайы дастархан жайылып, тәттілер  таратылды.

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/9Urap5YfRjk?list=PLr9dh7zPJ1DfuFJpXOGBPyelBWaumYYlL" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Зелих Авихаил – Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында №3 балалар үйінің тәрбиеленушісі

 

 

shymkenttv.kz