ШЫМКЕНТТЕ БАТУТТАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ МЕН КУБОГІ БАСТАЛДЫ

25 қазан 2021, 20:59

Шымкент қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебі кешенінде гимнастикалық акробатика және батуттан ел чемпионаты мен ел кубогы жолындағы жарыс жалғасуда.

 

Сайысқа еліміздің барлық облысынан Нұр-Сұлтан,Алматы,Шымкент қалаларынан мықты деген спортшылар қатысуда.

 

 

Аса  тартысты  өтіп  жатқан  бұл Ел  кубогі  мен  чемпионатқа  еліміздің  ең  мықты  деген 96  спортшы  қатысып,  күш сынасуда. Қазақстан  ұлттық  құрама  командасының   үздік  мүшесі  жерлесіміз  Пирмамад  Алиев  бұл  жарысқа  жарақатына  байланысты  қатыса  алмады. Дегенмен,  Батуттан  әлем чемпионы,   Рио  олимпиада  ойындарына  қатысып, ел  намысын  қорғаған  шымкенттік  саңлақ  бүгінгі  сайысқа   қатысып  жатқан  әрбір  спортшыға  лайықты  бағасын  берді.

 

Пирмаммад Алиев- Батуттан  әлем чемпионы

 

Жарыстың ашылу рәсіміне кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Мұрат Бұзауов қатысып, спортшыларға табыс тіледі. Осы мектеп әлем чемпионы Пирмаммад Алиев сынды дара спортшыны тәрбиеледі.Енді оның үш ізбасары бүгін жарыс жолына шығады.Атап айтқанда: Сардаржан Сабиржанов,Асланбек Хаятов және Сухраб Мұхамедов  өнер көрсетеді. Жарыстың  бас  төрешісі Ұлықбек Нұрходжаев  мегополис  қалада халықаралық  деңгейдегі  жарыстардың  өткізілуіне барлық  жағдай  жасалғанын  айта  өтті.

 

Ұлықбек Нұрходжаев – жарыстың бас  төрешісі

 

Жекелей  сында  қарағандылық  Даниал Мұсабаев  топ  бастап  келеді. Оған  алаң  иелерімен  қатар Өскемен, Павлодар  облысының  спортшылары  да  қарсылық  көрсетуі  мүмкін. Жеңімпаздар  Бауде  өтетін  кезекті  әлем  чемпионатына  қатысатын  болады.

 

 

shymkenttv.kz