Шымкент телевидениесімен бірге

ШЫМКЕНТТЕ БУКРОССИНГ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкентте кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітап оқитын Шымқала» атты букроссинг өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен іс-шараны қаладағы Абай кітапханасы ұйымдастырып отыр.

 

 

Қала тұрғындарын әдеби шығармаларды оқуға баулу үшін «Нұрсәт» шағынауданы  №130  мектептің жанына екі кітап сөресі қойылды. Кез-келген қала тұрғыны сөредегі  ұнатқан кітапты оқуға алып, орнына қайта әкеліп қояды. Немесе, үйіндегі оқылған әдеби шығармаларды буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады. 

 

Көшедегі кітап сөресі қала тұрғындарын кітап оқуға бағыттаумен бірге, жауапкершілік, адалдық, тазалық секілді қасиеттерді де қалыптастырады. Өйткені кітап сөресі  бақылаусыз, ашық алаңда орналасқан.

 

Кітап сөресіне QR қосымшасы да орнатылған. Кітапсүйер қауым бұл қосымша арқылы кітапхана туралы және ондағы әдеби шығармалар мен авторлар туралы мәліметке қанық болады. 

 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бүгінде Қаратау ауданында жүзеге асқан бастама алдағы уақытта қаланың басқа аудандары мен гүлзарында жалғасады.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 20:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30