Шымкентте енді емізулі әйелдерге короновирусқа қарсы вакцина салына бастады.
№13 қалалық емханаға Pfizer екпесін салдыруға келген аналар алдымен жазбаша сауалнамаға жауап беріп, дәрігердің тексеруінен өтті. Денсаулығында ақауы жоқ әйелдерге мамандар екпе салып берді.
Вакцина жас аналарға қалай әсер етеді? Алдағы сюжеттен білейік.
Екпе салдырған аналардың бірі - Карина Раймқұлова. Бес айлық сәбиімен емханаға келген 25 жастағы анаға ақ халаттылар Pfizer вакцинаның алғашқы компонентін салдырды. Осыдан бірер ай бұрын Ковидке шалдыққан жас ана екпе салдырмағандықтан жұқпалы дерттен әрең аман қалғанын айтады.
Карина Раймқұлова Шымкент қаласының тұрғыны:
Емханада оқушыларға да екпе егілуде. Вакцина салдыруға баласын алып келген атаналардың бірі - Гүлнәра Байғұтотова. Елден бұрын батыл шешім қабылдаған ана бұл қауіпті індеттен сақтаунудың жалғыз жолы дейді.
Гүлнәра Байғұтова, Шымкент қаласының тұрғыны:
Шымкенттік оқушылар вакцинаны салдыруды кешеден бастады. Екі күннің ішінде 30 оқушы, оншақты жас ана екпе алып үлгерді. Ақ халаттылар емізулі аналарға екпенің ешқандай кері әсері болмайтынын айтады.
Феруза Рахманова, инфекционист
Айта кетейік, екпені салу мерзімі бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 28 күнге дейінгі аралықта екі рет жүргізіледі. Әлемдік тәжірибеге сәйкес балаларды вакциналау әлемнің 30-дан астам елінде жүргізілуде, оның ішінде 15-тен астам мемлекетте балаларды вакциналау үшін Pfizer екпесі пайдаланылып жатыр.