Шымкент телевидениесімен бірге

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИД АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз отырысында мәлімдеді. Дегенмен, арқаны кеңге салуға әлі ерте деген мегаполистің бас дәрігері, күн суыта өршитін тұмау маусымына дайын болуымыз керек, деп түйді. Бүгінде короновируспен қатар тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Вакциналарды салдыруда уақыт ара қашықтығын қалай сақтаймыз? Алдағы сюжеттен білейік.

 

Дәл қазіргі таңда короновирус инфекциясын жұқтырған 1136 науқас тіркелген. Оның, 406-ы стационарда ем қабылдауда. Ол жердің төсек-орын толымдылығы 50% құрап отыр. Осы орайда, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты қалада 2977 төсек – орны жабылған. Ал, жан сақтау бөлімінде 364 орын қысқартылыпты. Қалған  180 төсектің бүгінде 68 –і бос емес екен. Жыл басынан бері вирус жұқтырған 34 811науқас анықталса, оның 33 191 емделіп шыққан. Өкінішке орай, 1134 адам ауруынан айықпастан көз жұмған. Олардың басым көпшілігі вакцина салдырмаған, дейді мегаполистің бас дәрігері.

 

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

Бүгінде корновируспен қатар тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, вакциналардың уақыт ара қашықтығын қатаң сақтау қажет, дейді салаға жауапты басқарма басшысы. Қалада 45 екпе егу пункті бар. Олар таңғы сағат 8 ден бастап кешкі 20:00 дейін жұмыс жасайды. COVID-19 індетіне қарсы екпенің бүгінде 1-ші компонентін 89,3% адам салдырса, 2 компонентін салдырғандардың көрсеткіші 74,2% құрап отыр.

 

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

Шымкенттің бас дәрігенің сөзіне сенсек, қалада COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры жеткілікті. Бұл ретте дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 801 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жеткілікті көрінеді. 

 

 

 

shymkenttv.kz

 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31