Бүгін Дүниежүзілік Ғылым күні. Осыған орай Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚУ-де халықаралық конференциясы өтті.
«Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» деп аталған іс –шарада индустриялық-экономикалық әлеуетті дамыту үшін елді цифрландыру мәселелері талқыланды.
Конференция жұмысына қатысуға ғылыми зерттеулердің маңызды нәтижелері бар еліміздің және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары шақырылған.
Онда цифрлық технологияның соңғы жетістіктері, ғалымдар еңбегінің түрлі салаларда қолданысы талқы таразысына салды.
Сарапшылар соңғы кездері елімізде өнертапқыштар мен ғалымдар еңбектерін қолдауға аса көңіл бөлініп отырғанын айтады.
Жамбыл Айменов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері