Шымкент телевидениесімен бірге

ШЫМКЕНТТЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды. Ондағы жаңа қондырғы Корея елінен арнайы әкелінген. Ақ халаттылар жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикадан өткізуде заманауи құрылғының маңыздылығы зор дейді.

 

 

оңғы үлгідегі қондырғының құны   300 млн теңге тұрады. Мұндай  құрал еліміз бойынша саусақпен санарлық екен. Екеуі  Нұр-сұлтан мен Алматы қаласындағы орталықтарға қондырылыпты. Осыған дейін Жүрек орталығына  түскен науқастар диагностикадан өту үшін өзге медициналық ұйымдарға сандалатын дейді салаға жауаптылар. Қолданыстағы құрылғылардың сапасы  бұдан әлдеқайда сапасы төмен дейді салаға жауаптылар. 

 

Бақытжан  Позилов Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Қондырғымен жұмыс істеуді дәрігерлер, лаборанттар үйренді....

 

Жоғары сапалы томография жүрек, қан айналымы аурулары диагностикасында ғана емес бас-сүйек, өкпе, ауруларын анықтауда да таптырмайтын құрылғы дейді дәрігерлер. Шымкентте бүгінде 12 орталықта компьютерлік томография  бар. Ковид індеті ушыққан тұста құрылғылар жетіспей, науқастар да дәрігерлер де әбігер болады екен. Енді пандемия кезінде орталықтағы жаңа құрылғыны да пайдалануға болады дейді дәрігерлер.

 

Дархан Сүйгенбаев. “Шымкент жүрек орталығы” АҚ-ның басқарма төрағасы: Компьютерлік зерттеу бүгінде өзекті тақырып болып отыр.  Корея елінен алдырылған компьютерлік томографияның республикалық транштан бөлінген қаржыға сатылып алынды. Қондырғының 160 срездік кардиологиялық опциясы бар.  Бұл жаңа құрал арқылы тек жүректің ауруларын ғана емес, басқа да түрлісырқаттарды дер кезінде анықтауға сеп болып,  өлім-жітімді алдын алуға  мүмкіндік туады.

 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында денсаулық сақтау саласына ерекше мән берді.   Мемлекет басшысы  қаражаттың ең алдымен  дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталатынын пысықтап берді. Осыны ескерген салаға жауаптылар алдағы уақытта аймақтағы жалғыз жүрек орталығындағы құрал-жабдықтарды соңғы үлгідегі техникалермен алмастырамыз деп отыр.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 19:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31