ШЫМКЕНТТЕ «ТОР» МИСТИКАЛЫҚ ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

08 қараша 2021, 20:02

Шымкентте Жұмат Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрында М. Омарованың «ТОР» мистикалық драмасының премьерасы сахналанды.

 

Драмалық туынды тіршіліктегі мәңгілік күрес – адалдық пен сатқындық, мейірім мен опысыздықтақырыбында өрбиді.

 

Шығармада тойға бара жатқан автобустағы әулеттің қариясынан бастап жасына дейін белгісіз жанның арбауында кеткені – адам бойындағы азғындыққа қарсы күштің, рухтың әлсіздігін айқындап береді. Шымкенттік көрермендерге  алғаш рет жол тартқан  пьесаның «Тор»  аталуы да тегін емес. Қоюшы режиссер кез-келген жанды  қалтарыстан тап беретін кедергі күтетінін, одан шығатын жолды нұсқайды.

 

Жұмабек Есимов- қоюшы режиссер

 

Самат Әзімқұлов – әртіс

 

 

shymkenttv.kz