ШЫМКЕНТТЕ ВЕЛОМАРАФОН ӨТТІ

02 желтоқсан 2021, 20:31

Шымкенттік велоспортшылар жарысқа түсті. Дендросаябақта өткен шарада 100-ден астам астам қатысушы өзара бақ сынасты.

 

Тұңғыш Президент күнінде өткен додада Орталық Азия Инновациялық Универститетінің Академик Мардан Сапарбаев Институтының студенттері белсенділік танытты.

 

 

Мерекеге арналған спорттық шара бүкіл аймақтарда бір мезетте басталды. Бұл күні солтүстік өңірлерде тау шаңғы спортынан жарыс ұйымдастырылса, шымкенттіктер велоспортқа таңдау жасапты. Себебі, соңғы кездері қалада спорттың осы түрін дамытуға басымдық беріліп отыр дейді салаға жауаптылар.

 

Ермек Дәрменов, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

 

Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған  веломарафонды  басқарма мен Орталық Азия Инновациялық Универститетінің Академик Мардан Сапарбаев Институты бірлесе ұйымдастырды. Айта кетейік, іргелі оқу ордасы  соңғы үш жылда жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылған чемпионаттарда алдыңғы орында келеді. Мұнда спортты серік еткен студенттерге қолдау зор.

 

Ерлан Оңласынов, Орталық Азия Инновациялық Университеті Академик Мардан Сапарбаев Институтының ректоры:

 

Веложарысқа қала тұрғындары мен спортшылар қатысты.  Аталған университеттің студенттері де үздік нәтиже көрсетіп, бұқаралық спортты насихатауда белсенділік танытты. Әлемдік деңгейде талай додада дес бермеген судент Әлімхан Битас та жарыс жолынан табылды.

 

Әлімхан Битас Орталық Азия Инновациялық Университеті Академик Мардан Сапарбаев Институтының студенті.

 

КСМ: Айта кетейік, шаһарда жылдан-жылға бұқаралық спорт дамып келеді. Бүгінде қала жұртшылығының 30 пайыздан астамы дене шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстады.  

 

 

 

shymkenttv.kz