Шымкент телевидениесімен бірге

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР МАММОПЛАСТИКАЛЫҚ ОТАЛАРДЫ ЖАСАУДА

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкентте онкологиялық арурулар өршіп тұр. Қатерлі ісік жастар арасында асқынып барады. Ақ халаттылар әсіресе қатерлі сүт безі рагына шалдыққандардың көбеюіне алаңдаулы. Осыны ескерген шымкенттік дәрігерлер қазір маммопластикалық оталарды жүзеге асырып жатыр. Медицинаның маңызды бағытында тағы қандай жаңалықтар бар? Өлім-жітімге алып баратын қатерлі дерттен сақтанудың жолы қайсы? Толығырақ әріптесім Мақпал Рысбаеваның сюжетінде.

 

Шымкент қалалық онконкология орталығының мамандары елу жастағы науқасқа ота жасауда. Сүт безі рагына шалдыққан келіншек осыған дейін 7 курс химия-терапиялық ем алған. Ақ халаттылар сүт безін толық алып тастап, арқаның жалпақ бұлшық етінен, яғни өз тінінен қайта қалпына келтіреді.   Мұндай отаның артықшылығы әйел отадан кейін психологиялық соққыға ұшырамайды.  Науқас аз уақытта жазылып, қалыпты өмірге тез келеді дейді мамандар.

 

Ербол Оңғарбаев Шымкент қалалық онконкология орталығының бөлім басшысы:

 

Жыл басынан бері маммопластикалық ота 60 адамға жасалған. Ақ халаттылар жатыр мойыны ісігінің жасарып келе жатқанына да алаңдайды. Шетелдерде біліктілігін арттырған жергілікті мамандар соңғы үлгідегі құрал-жабдықтардың көмегінен  операцияның бұл түрін қазір тіліксіз жасауда.

 

Югай Константин, Шымкент қалалық онконкология орталығының бөлім басшысы:

 

Жыл сайын орталыққа 2 мыңға жуық науқас түрлі онкологиялық аурулармен тіркеледі.   Қазір мұнда  211 төсек орын бар. Одан бөлек күндізгі стационарға 20 орын бөлінген. Орталық басшылары біліктілікті арттыру мақсатында мамандардың алыс-жақын шетелдерде білімін жетілдіруін де жолға қойған. Жаңа әдіспен жасалатын  оталарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар да жаңаланып отырады. 

 

Жақсылық Мәуленов Шымкент қалалық онконкология орталығының директоры:

 

Салаға жауаптылар медицина саласындағы жетістіктердің арқасында онкологиялық ауруларды емдеп жазуға мүмкіндік көп дейді. Ол үшін алғашқы  сатыда мамандарға жүгіну қажет. Қатерлік сүт безі рагынына шалдыққандардың дені көбінесе алдын алуға бағытталған скрининг тексерулерде анықталады екен.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 20:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31