ШЫМКЕНТТІК МАХМҰД САБЫРХАН -ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

08 қараша 2021, 20:06

Күні кеше ғана аяқталған Сербияның Белград қаласында бес құрлықтың ең таңдаулы боксшылары қатысқан әлем чемпионаты аяқталды. 20 жасар шымкенттік Махмұд Сабырхан Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

 

Рингтің  көркін  қыздырған  бұл  бокс  додасында  қазақстандық  боксшылар  екі  алтын,  екі күміс  және  бір  қола  медаль  жеңіп  алды. Жалпы  командалық  есепте  құрама  жігіттері  екінші  орын  алды. Ал,  жасындай  жарқылдаған  жас  боксшы Махмұд Сабырхан  керемет  өнер  көрсетіп, талай  мамандарды  тамсандырды. Ақтық  сында шымкенттік спортшы  жапон  боксшысына  есе  жіберді.

 

Бауыржан  Тұманбаев – Шымкент  қаласының  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасының  басшысы

 

Боксшыларымыздың  әлемдік  деңгейдегі бұл  ғаламат  жетістіктері  мыңдаған  жастардың  боксқа  деген  ынтасын  күшейтті. Бокс Қазақстанда бірінші спорт түрі, әлемде екінші.Шымкент қаласындағы “Спартак” бокс залы талай тарландарды тәрбиелеген киелі мекен болып табылады.Бұл залда кезінде Нұржан Сманов, Мырзағали Айтжанов, Олжас Оразалиев, Мұқтархан  Ділдәбеков, Еркебұлан Шыналиев, Қанат Орақбаев,Берік Серікбаев,әлем чемпиондары Қайрат Ералиев,Біржан Жақыпов, Сәкен Бибосынов,  Махмұд Сабырхан, Жомарт Ертаев сынды былғары қолғап шеберлері жаттығуларын өткізген екен. Аядай спорт залы әлемдік аренадағы қаншама боксшыларға жол ашыпты. Осылайша, әлем чемпиондарын шығаратын киелі орында қаншама жас таланттар шоғыры өсіп келеді.

 

 

 

shymkenttv.kz