Шымкент телевидениесімен бірге

ШЫМКЕНТТІҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӘЗІРЛЕНДІ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы жаңа форматта әзірленді.

 

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов мәлім етті.

 

Оның айтуынша, аталған құжат елдің жоғары тұрған Стратегиялық құжаттарда айқындалған басымдықтарды өңірлерде іске асыру мақсатында әзірленеді.

 

1

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысы 5 жылдық жоспарды анықтау үшін халық санағының маңызды екенін айтады. 2021 жылдың 9 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде  оң өзгерістер байқалған.

 

Атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі - 5,0 пайызға, ауыл-шаруашылығы 1,6 пайызға, құрылыс көлемі 7,7 пайызға, тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға, сауда 6,8 пайызға, көлік саласы 4 пайызға, жекеменшік инвестиция көлемі 71,4 пайызға артқан.

 

Рахымберді Мүлкеманов – Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

Бағдарлама жобасын әзірлеу барысында қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп,  қаладағы негізгі проблемалар мен даму бағыттары анықталды. Тұрғындардың көпшілігі қаланың инженерлік-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қаланы абаттандыру, тұрғын үймен қамту және экологиялық жай-күйін жақсартудың қажеттігін атап өтті. Бұл ұсыныстар бағдарлама жобасына енгізілді

 

Негізгі көрсеткіштердің даму қарқынына сәйкес, Шымкент қаласы Республикамыздың өңірлері бойынша 6 орынға орналасқан. Шымкент халқын таза ауыз сумен қамту бойынша осы жылы 15,5 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде.

 

Рахымберді Мүлкеманов – Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

Шымкентте биыл 3 подстанция іске қосылады. Оның бірі жақында іске қосылған «Бозарық» қосалқы электр станциясы. Қалған «Ақжар» мен «1-М-1» қосалқы станциялар жыл аяғында тапсырылады.Сондай-ақ, бюджет есебінен салынған 57 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазір қалада бюджет есебінен 479,9 мың шаршы метрлі 5 912 пәтерлі  97 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

 

 

 

shymkenttv.kz

 

 

 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 20:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 20:41
    ЖАСТАР ЛИГАСЫ –2021
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН
    11 Қазан, 23:09
    "Halal EXPO" 2021
    30 Қыркүйек, 20:08
    АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31