«СМАРТ АЯЛДАМА» ЖОЛАУШЫЛАР ЫҢҒАЙЫ ҮШІН

05 қазан 2021, 21:30

Шымкентте ақылды аялдамалар ашылды. Жалпы соммасы 8 млн теңгені құрайтын смарт аялдамалар толығымен инвесторлар есебінен салынуда. Ерекшелігі сол, аялдама қыста ыстық, жазда салқын күйде болады.

 

 

Қала тұрғындарының игілігіне екі ақылды аялдама беріліп үлгерді. Олар Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті және М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған мектеп жанында орналасқан. Аялдаманың ашылуына арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мұндай жобалар Шымшахар тіршілігіне қажет екенін айтты.  Сондай-ақ, Жыл соғына дейін 250 аялдама жаңаратын болады, -деді.

 

Мақсұт Исахов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 

Смарт аялдаманың ерекшелігі, мұнда жолаушылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Тегін wi-fi-дан бастап смартфон қуаттағыш көздері, тіпті салқындатқыштар да қойылған. Сонымен қатар мегаполис картасы мен қоғамдық көлік бағыттары бейнеленген электронды тақтайша орнатылған. Бейне бақылау камералары да  жұмыс істеуде.

 

Рашид Мыңбаев - Әл–Фараби ауданының әкімі

 

Сала мамандарының айтуынша смарт аялдамалар қала қонақтары мен тұрғындары үшін өте тиімді жоба. Студенттер де заманауи аялдамалардың салынып жатқанына қуанып өз алғыстарын білдірді.

 

Нүрдәулет Төлеген – студент

 

Жеке кәсіпкерлер салған бір аялдаманың құны 8 млн. теңгені құрайды. Өкінішке орай, қалалық бюджет есебінен мұндай қаржыға аялдамалар сала алмаймыз, бағасы өте қымбат, -дейді мамандар. Сол себепті де қарқынды түрде инвесторлар тартылуда. Айта кетсек, жыл соңына дейін жолаушылардың хабы саналатын 8 нүктеге дәл осындай соңғы үлгідегі смарт аялдамалар салу жоспарланып отыр.

 

 

 

 shymkenttv.kz