СТУДЕНТТЕР ДЕ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

21 желтоқсан 2021, 20:47

Бүгін Шымкентте жоғары медициналық колледж студенттері «Pfizer» вакцинасын салдырды. Болашақ мамандар екпе салдыру үшін бүгін №1 қалалық емханаға жиналды.

 

Вакцинадан бұрын жеткіншектер жазбаша сауалнама толтырып, дәрігердің арнайы тексеруінен өтті. Қаладағы вакцинациялау жұмыстарын әріптесім Мақпал Рысбаева айтып береді.

 

 

 

Шымкентте вакцинация жұмыстары қызу жүргізілуде. Екпені енді студенттер ала бастады.  Бүгінге дейін Шымкентте жоғары медициналық колледжінен 376 студент алған. Олардың барлығына  «Pfizer» вакцинасы салынған. Жадыра Әуезова осыдан 20 шақты күн бұрын екпенің бірінші компонентін алған.  Ешқандай жанама әсері байқалмапты.

 

Жадыра Әуезова, студент

 

Айта кетейік, 15-қарашадан бері қалада   «Pfizer» екпесін  10325  адам алған. Оның  дені 12-18 жастағы жасөспірімдер, қалғаны емізулі аналар дейді дәрігерлер.  3 мыңға тарта тұрғын осғыан дейін вакцинаның екінші компонентін алып үлгерген.

 

Жанат Жанайым, инфекционист

 

Ақ халаттылар  вакцинадан кейін реакциялардың пайда болуына қатысты шағымдар тіркелген жоқ дейді. Айта кетейік, қалаға «Pfizer» екпесінің 46800 дозасы жеткізілген.   

 

 

 

shymkenttv.kz