Шымкент телевидениесімен бірге

ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Тәуелсіздік-тірегім! Дәл осы тақырып аясында “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының “Jas Otan” ЖҚ және “Alpha Academy” Білім Академиясының ұйымдастыруымен пікірсайыс турнирі өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараға мектеп оқушылары тартылған. Білімділер турасындағы толық ақпарат алдағы бейнематериалда.

 

Қоғамда өзіндік орны мен пікірі бар жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары тартылған. Бойында шешендік қасиеттері бар шәкірттерді алдымен онлайн іріктеген пікірсайыс турнирі ақтық мәресін офлайн өткізуді жоспарлапты. Білімді жастардың болашақтарына нық қадам басуларына барынша септігін тигізуді  көздеген «Jas Otan» ЖҚ  мен «Alpha» академиясының бұл еліміздегі үшінші мегаполисте жасап отырған алғашқы қадамдары екен. 

 

Айгерім  Шерім -    “Alpha Academy” Білім Академиясының Шымкент филиалының директоры

 

Бірлескен жобада Қазақстан Республикасы Презитентінің жолдауын жастарға насихаттау басты назарға алынған. Қазақ әдебиетінің үздік бестселлері, ел тарихындағы ең жемісті жылды көрсету, бүгінгі заманға ең қажетті бизнес түрін көрсету сынды тақырыптар қозғалған пікірсайыс турнирінде мектеп оқушыларының ең өзекті мәселесі, жастарға арналған ең үздік мемлекеттік бағдарлама сынды тақырыптарда кеңінен сөз болды.Сондай-ақ, Қазақ тарихындағы ең сәтті шайқасты көрсетуге келген шәкірттер алдарына жан салмады.

 

Рахымжан Оразғали - НЗМ оқушысы

 

Адамның ақыл ойының дамуына үлкен әсер ететін мұндай дебаттардың, әсіресе оқушылар арасында жиі өткізілуін қос қолдап тұрып қолдайтындардың бірі Шымкенттегі «Дарын» орталғының директоры  Раушан Омарханқызы. Балаларды шешендік өнерге баулу арқылы еркін ойлауларына жол ашамыз деген педагог қолдан келгенше қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізеді.

 

Раушан  Джеренова - Дарын орталығының директоры

 

50 жуық білім ордасынан оқушы қатысып отырған пікірсайыс турниринің жүлде қоры да қомақты. Жалпы командалық нәтиже бойынша финалистер “AlphaAcademy”-нің шетелдік дайындық курстарына төмендегі сертификаттармен марапатталды.

 

 

 

shymkenttv.kz

 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 20:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31