ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

17 қараша 2021, 20:26

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 30 қойылым қоюды жоспарлаған еді. Бұл жолы Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» атты заманауи пьесасы сахналанды.

 

Қазіргі заманауи Қазақстандық драматургтердің ішінде өзіндік қолтаңбасы бар Қолғанат Мұраттың «Қуыршақ» атты философиялық монопьесасы –  мистикалық реализм жанрындағы туынды.

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/6qp9P1vGj7A" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Амалсыздықтың қамалындағы адам санасының құбылыстары, қарайған жанның тәубесі мен  зіл зәуірге ұшыраған пенденің адамзатпен ашық сөйлесуі бейнеленеді.

 

Қиял әлемінен өмір құрастырып алған қуыршақ жасаушы шебер өзінің тағдырынан сыр шертеді.  Күнәсі мен ізгі қасиеті аралас жанның ақтық арпалысы, фәни тағдырмен тайталасы, жеңісі мен жеңілісі.

 

Бұл қойылымда қоғам мен әлеуметтік мәселелермен қатар рух, жан және мораль сияқты биік құндылық тақырыптары өзара біте қайнасқан. Қуыршақ арқылы  әр адам өз кескінін өзі көреді.

 

 Мақпал Малдыбаева - Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының режиссері

 

 

 

shymkenttv.kz