Шымкент телевидениесімен бірге

ТӨЛЕМ КАРТАСЫНА ӨТІНІМДЕР ҮШ ЕСЕ АРТТЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкентте оқушылардың ата-аналарынан Төлем карталарына өтінімдер көптеп түсуде. Соңғы бірер аптада өтініштер үш есеге артты, дейді жауаптылар.

 

Компания адам шоғырын болдырмау үшін қазір халыққа қызмет көрсететін мамандар санын арттырып отыр. Қазірдің өзінде қала бойынша тек қана оқушылардың өзіне 82 мың дана төлем картасы дайындалыпты.

 

 

Бүгінде Шымкентте 220 мыңнан астам оқушы бар. Алдын-ала жорамал бойынша шәкірттердің тең жартысы төлем карталарын пайдаланады. Бүгіннің өзінде 82 мыңнан астам шәкіртке карта дайындалған.  Оның 12 мыңы әлі таратылған жоқ,  дейді жауаптылар. Ал, Студент картасының 22 мың данасы әзірленген болса, 2 жарым мыңы әлі орталықта тұр екен. Ала жаздай бейқам жүрген көпшілік қыркүйек жақындағанда қимылдай бастапты. Осыған дейін аптасына небәрі 1 мың адамға қызмет көрсетететін мамандар қазір үш есе артық өтінімдер қабылдауда.

 

Аңсар Серікбай  “QazSmartTrans» компаниясы директорының орынбасары:

 

Бұл кеңседе төлем карталарына өтінімдер қабылданады. Таңертеңнен кешке дейін адам үзілмейді, дейді орталықтағылар.

 

Үш баласы да мектепке баратын Гүлфайруз Баянова да оқушылар карталарына тапсырыс беру үшін келіпті. Ата-ана бұл картаның тиімді әрі үнемді екенін айтады.

 

Гүлфайруз Баянова, ата-ана:

 

Студенттер мен оқушылардың төлем карталарына Телеграм вот арқылы да өтінім беруге болады.  Өтінімдердің  70 пайызы электронды жүйемен түсуде, дейді жауаптылар. Оқушыларға төлем арқылы жолақы құны 35 теңгеден. Карта болмаса 100 теңге төлеулеріне тура келеді. Бұл сол жағынан тиімді. Ал салаға жауаптылар төлем картасы енгізілгелі  қала бюджетіне жолаушылардан  түскен түсім едәуір артқанын айтады.

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 19:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31