ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ 17:25, 2 желтоқсан 2021

02 желтоқсан 2021, 20:39

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухана су жаңа құрылғымен жабдықталды. Ем-дом көрсету мекемесінде арнайы компьютерлік томография кабинеті ашылды.

 

Қомақты қаражатқа сатып алынған аппарат инсульт алған науқастың диагнозын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

Соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған аппарат АҚШ-тан әкелінген. Жалпы компьютерлік томография  ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүрек қан тамырларының зақымдану деңгейін байқайды. Сонымен қатар сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға жағдай жасайды.

 

Дастан Утепов - №1 қалалық  клиникалық аурухана инсульторталығының аға дәрігері

 

 

 

shymkenttv.kz