ҰПАЙ ТҮГЕНДЕЛЕТІН ТАРИХИ СӘТ

21 қазан 2021, 21:19

Ұлттық халық санағының онлайн жауап беру мүмкіндігі 15-қазанда аяқталды. Ол үшін Шымкентте 155 санақтан өтуге арналған бұрыштар жұмыс істеді.

 

Қазір санаққа жауаптылар үй-үйді аралап, тұрғындардың тұрмыс жағдайларын анықтап жүр.

 

Алайда, есік ашпай, қарсылық танытатындар санақ жұмыстарын жүргізуге кері әсерін тигізуде.

 

Әл-Фараби ауданына қарасты №15 санақ учаскесіндегі маңызды шараны тілшіміз Гүлсанат Қалмырзақызы бағамдап көрді.

 

 

Санақ жұмыстарын жүргізуге бар мүмкіндік жасалған. Керек-жарақ түгел. Жауапты мамандар бұл жұмысқа сақадай-сай. Бірақ мұндай жағдай сауалнамашыларға таңсық емес. Күн сайын есіктің арғы жағынан қатулы қабақ танытып, сіркесі су көтермейтін тұрғындармен кездеседі. Оңай емес әрине.

 

Фарида Үзденова – интервьюер

 

Кейбірі есік ашпайды. Мұндайда көмекке тәртіп сақшылары келеді. Ал, Әл-Фараби ауданынна қарасты №15 учаскеде 4 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Соның 3 мыңға жуығына санақшылар сауалнама жүргізген.

 

Шеразий Ешбаев - №15 санақ учаскесінің нұсқаушы-бақылаушысы

 

Тіпті, ащы суға тойып алып, аузына келгенін айтатындар да бар көрінеді.

 

Шеразий Ешбаев - №15 санақ учаскесінің нұсқаушы-бақылаушысы

 

Интервьюерлерді тану қиын емес. Олардың көк түсті, халық санағының белгісі бейнеленген мойынорағашы мен портфелі бар. Қазақстанда әрбір адамның өзіндік орны бар. Ал, халық санағы –демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректер жинауға мүмкіндік береді. Санақ нәтижелері халықтың тұрмыс деңгейін анықтап, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін аса қажет. Сондықтан, әрбір тұрғын бұл тарихи сәттен шет қалмауы тиіс.

 

 

 

shymkenttv.kz