Шымкент телевидениесімен бірге

ВОЛЕЙБОЛДАН ӨҢІРЛІК АШЫҚ ТУРНИР

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда,волейболдан өңірлік ашық турнир өтті.

 

Сайысқа мықты деген 8 команда қатысып жеңімпазды анықтады.

 

Ақтық сында Түркістан облысының «Қарабұлақ» командасымен шымкенттің СКИФ-Қажымұқан командасы кездесіп «Қарабұлақ» волейболшылары бас жүлдені иеленді.

 

 

Өңірлік турнир волейбол алаңында жасындай жарқылдап жүрген асыл жандар, волейболдан облыс намысын қорғап Президент жүлдесіне арналған жарыста жаңіске жеткен  Азамат Құттыбаев пен Қаныш Патсаевтарды еске алуға арналды.Талантты волейболшылардың бірі кезінде Созақтан,ал бірі Бәйдібек ауданында тәрбиеленіп шығып республика аумағына танылды.Азамат Құттыбаев кейіннен шәкірт тәрбиелеп аталмыш спорт түрін дамытуға елеулі үлес қосты. Ал Қаныш Бектұрсынұлы облыстық олимпиада мектебі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып жоғары нәтиже көрсеткен болатын.

 

Анарбек Орман - Өңірлік Волейбол Қауымдастығының  Төрағасы

 

Волейболмен айналысушылар қатары күн санап өсіп келеді. Бұл спорт түрі облыс аумағында қарқынды дамуда. Турнирге арнайы қонақ болып келген Азаматтың анасы жетпістен асқан Жайна Иманқұлова апамыз бұл жарысқа, баласына жанкүйер болуға келгендей күй кешкенін жеткізді.

 

Жания Иманқұлова - Азаматтың анасы

 

Аса тартыспен өткен сайыс қорытындысы бойынша мықты деген Түркістан облысының «Қарабұлақ»командасы мен Шымкенттің СКИФ-Қажымұқан волейболшылары кездесіп Қарабұлақ командасының асығы алшысынан түсті. Жүлделі орындарды Сайрам мен Түлкібас аудандары өзара бөлісті. Бұдан өзге жарыс барысында үздік атанғандар, арнайы сыйлықтармен марапатталды.Енді бұл турнир дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұратын шараға айналады, -деді ұйымдастырушылар.

 

 

 

shymkenttv.kz

 




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 20:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31