«ЫБЫРАЙ» ПЬЕСАСЫ САХНАЛАНДЫ

15 қараша 2021, 20:06

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай шымкенттік «17» жастар театры «Ыбырай» драма-оммажын сахналады.

 

Қойылым тұсаукесеріне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, пьеса авторы, драматург Мадина Омарова және зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

 

Қойылым премьерасы аншлагпен өтті. Ыбырайдың татар тіліндегі оқулықтан бас тартып, қазақтың болмысына сай кітап жазуы, білім тарату жолындағы күресі көрермендерге ой салды.Пьеса авторы, драматург М.Омарованың айтуынша, пьеса жастар театрының директоры, әрі көркемдік жетекшісі Рүстем Әуелбековтің ұсынысымен жазылған.

 

Мадина Омарова – жазушы, драматург

 

Ал, қоюшы режиссер Фархадбек Қанафин «17» жастар театрымен екінші мәрте шығармашылық байланыс орнатып отыр. Көрерменді ХІХ ғасырға жетелеп, қазақ даласына Ы. Алтынсариннің ілім-білімді қандай еңбекпен әкелгенін, оның миссионерлермен күресін көрсетуге күш салдық, — дейді ол.

 

Фархадбек Қанафин – қоюшы режиссер

 

Айта кетейік, «17» жастар театры 2018 жылы құрылған. Репертуарында онға жуық спектаклі бар ұжым, «Ыбырайды» республиканың түкпір-түкпірінде сахналауды жоспарлап отыр.

 

 

 

shymkenttv.kz