1-қыркүйектен бастап теміржол қозғалысы тоқтауы мүмкін. Әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде осындай ақпарат тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Онда вирус жұқтырған адамдардың көбеюіне байланысты пойыз қатынасының тоқтайтыны, сондықтан ешқандай билет сатылмайтыны туралы жазылған.
Ал, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі желіде тараған құжат жалған - дейді.
Компания өкілдері елімізде пойыз қозғалысын тоқтату жоспарда жоқ екенін айтты.
«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
– Пойыздар қозғалысы кестесінің өзгеруіне байланысты қозғалыс уақытша тоқтатылды. Бұл ретте аталған пойыздардың барлығына билеттерді сату кезең-кезеңімен қайта жалғасады.