Мәселе

1 наурыздан бастап не өзгереді – үкімет шешім қабылдады

  • https://ru.depositphotos.com/

    https://ru.depositphotos.com/

Үш облыстан басқа өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етіледі.

 

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.

 

7 күн бойы "жасыл аймақта" тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі:

 

цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне &ndash толымдылығы 30%-ке дейін;

 

спорттық іс-шараларды өткізуге (30%-ке дейін), жұма намазын оқуға (30%-ға дейін) және ас беру рәсімін өткізуге (30%-ке дейін, 50 адамнан артық емес).

 

"7 күн бойы "сары аймақта" болған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі", - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

 

Мониторингтік тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілерінің көп мөлшері тіркелген Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық облыста осы жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етіледі.

 

Сондай-ақ, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Түркиямен (қосымша 4 рейс), Өзбекстанмен (+4 рейс), Қырғызстанмен (+2 рейс) және Украинамен (+1 рейс) халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру туралы ұсынысы комиссияның қолдауына ие болды.

 

 

 

sputnik.kz

 

 




Көрілген: 3906    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 19:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30